Құқық | Право

Алматыда пара алғаны үшін судьяға 45 миллион теңге айыппұл салынды

Алматыда Медеу аудандық азаматтық сотының судьясы пара алды деп айыпталды, деп хабарлады Stan.kzақпарат агенттігі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлмира Әбілқайыр жер учаскесінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық істе оң шешім қабылдағаны үшін делдал болған соттың хатшысы Рақышов арқылы алдын-ала келісілген 10 мың доллардан 3 мың доллар көлемінде пара алды деп күдіктелді, делінген хабарламада.

Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы анықтады.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты жаза ретінде Гүлмира Әбілқайырға 45 459 600 теңге айыппұл салды. Сот қызметкері Рақышов екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Комментарий