Аймақ | Регион

Жолаушылардың қаперіне: 8 желтоқсаннан бастап 10 бағыттағы пойыздың жүру кестесі өзгереді

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Пойыз қозғалыстарының кестесіндегі кейбір бағыттардың өзгеруі туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жеткізеді Today.kz.

Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 8-ші желтоқсан күнінен бастап:

1) жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгереді:
– №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;
– №85/86 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді;
– сол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды;

2) Күнара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

3) Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді:

1) «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты:
– №153/154 «Нұр-Сұлтан- Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді;
– № 375/376 «Нұр-Сұлтан-Өскемен-1» енді № 67/68;
– № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78;

2) Жеке тасымалдаушылар:
– № 312/311 «Нұр-Сұлтан-Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты);
– № 307/308/ «Нұр-Сұлтан-Жезказған» енді №107/108 («Марал Нұр» ЖШС);
– № 617/618 «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Комментарий