Құқық | Право

Алматыда онлайн несие рәсімдеп, 269 адамды алдап соққан 32 жастағы әйел ұсталды

32 жастағы әйел жұртты иліктіріп, 269 адамды алдап соққан.

Алматыда онлайн несиемен айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

32 жастағы әйел жұртты иліктіріп, 269 адамды алдап соққан.

Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Алаяқ негізінен қала базарларындағы саудагерлерді сан соқтырып келген. Яғни қандай да бір тауарды сатып алу арқылы сатушылардың сеніміне кірген, кейін күдікті үшінші тарап арқылы несие рәсімдеп отырған.

Сатып алған тауары үшін «қолма-қол ақшам жоқ еді, карточка арқылы төлейін» деп сатушылардың банк карточкалары мен жеке куәліктері туралы мәліметтерді алған. Сөйтіп, солардың атынан онлайн несие ұйымдарынан ақша алған. Тіпті саудагерлер танып қоймас үшін базарға әр келген сайын келбетін өзгертіп, шашын түрлі түске бояп алған. Қазір күдікті ұсталып, тергеліп жатыр. Полиция департаменті ресми өкілінің айтуынша, күдікті осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Комментарий