Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Төле би көшесінің белгілі бір бөлігі жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті аймаққа айналған

Мұқанов пен Өтеген батыр көшелері арасында әлі күнге дейін жолақ сызылмаған.

Төле би көшесінде ала жаздай жүргізілген жылу жүйесінің құрылысы аяқталғанына бір айдан астам уақыт болса да, Мұқанов пен Өтеген батыр көшелері арасында әлі күнге дейін жолақ сызылмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, бұл мәселе жол қозғалысы кезінде жүргізушілерге айтарлықтай кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Тұрғындар ең болмаса жаяу жүргіншілер жолағын сызып берсе екен дейді.

«Бұл жер қауіпті. Адамдар қай жерден өтерін білмейді. Егер жаяу жүргіншілер жолы болса, үйренер еді», – деді бір тұрғын.

«Қанша дегенмен, керек. Өйткені кейде адамдар сол жерден жүгіріп шығып қалады. Сондықтан қажет болуы керек», – деді тұрғындардың бірі.

Ал, атқа мінерлердің айтатын сылтауы – ауа-райының қолайсыздығы. Осы орайда, алдағы аптадан бастап уақытша жолақтар сызуды жоспарлап отырмыз дейді. Келер жылы аталған көшедегі барлық бағдаршам мен жол белгілері және жолақтары жаңартылады.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолақтарды сызу уақытша тоқтатылды. Алдағы аптада жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолақтарды қайта сызылады. Бұл уақытша. Себебі, келесі жылы осы көшеде ЛРТ құрылысы басталады», – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.

 

Комментарий