Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

“Олардың ұраны – жалған”: Сириядан оралған қазақ қызы жан сырын ақтарды

Әсем (есімі өзгертілген) отанын тастап, Сирияға күйеуінің соңынан екі баласымен аттанған. Олардың сапары барғанан кейін түсінікті болыпты. Бірнеше айдан соң әскери қақтығыс кезінде жолдасы қайтыс болып, келіншек екі баласымен бөтен елде жалғызсырап қалған. “Настоящее время” Әсемнен алған сұхбатын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсем – ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы барысында отанына оралуға мүмкіндік алған қазақстандықтың бірі.

Әйелдің сөзінше, Сирияға ол жолдасымен бірге аттанған.

“Ол жақта Құранда жазылғандай халифат болады деп ойладым. Бірақ біз күткендей болған жоқ. Ол жаққа барғаннан кейін, қашып құтылу мүмкін емес екенін ұғындық”, – деді Әсем.

Оның сөзінше, Сирияға аттану туралы жақындарына айтпаған. Ол ата-анасы жібермей қояды деп санағанын жеткізді.

Әсемнің күйеуіне деген махаббаты бәрінен жоғары болыпты.

Өкінішке орай, бірнеше айдан кейін оның күйеуі әскери қақтығыс кезінде қайтыс болыпты. Әсем оқиғаның қалай болғанын білмейді.

“Ол шекараға барып, сол жақта қайтыс болды. Сирияда әйелдерге өлімнің неден болғанын айтпайды”, – деп есіне алды ана.

Әсемнің сөзінше, көбісі туған жеріне қайтуды армандамайды екен. Ол ұрыс алаңынан қашып кеткендерді өлім жазасына кесетінін жасырмады.

Біршама уақыттан соң Әсем шариғаттың барлық заңдарын сақтап, тұрмысқа екінші рет шықты. Ол күйеуінен екі баланы өмірге алып келді. Осылай Сириядағы өмірі төрт жылға жалғасты.

“Біз жолсеріктерге ақша беріп, күрттер лагерьіне жетіп алдық. Ол жерде ата-анамызбен байланысқа шығудың сәті түсті”, – де Әсем.

Туған жерде олармен психологтар мен социологтар жұмыс істеуде. Ал оның күйеуін жасаған қылмысы үшін тергеуде.

Асем өзінің күйеуін күтетініне сенімді.

“Онда өмірді идеализациялаудың қажеті жоқ. Экстремистерді идеализациялаудың қажеті жоқ. Сирияға барған адам үшін қайтарға жол жоқ.

Олардың ұраны – өтірік. Ол жақта дін емес, саясат рөл ойнап жатқан. Сеніп қалатын біз сияқты адамдарды пайдаланады”, – деп сөзін түйіндеді Әсем.

Комментарий

Бөлісу | Поделится