Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіні тағы бір көлік мыжып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Соңы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы түнде Алматы-Жетіген тасжолындағы ГРЭС пен Байсерке аулының арасындағы аумақта орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, Volkswagen Passat көлігі Байсерке аулы жақтан ГРЭС-ке қарай бет алған. Осы кезде жолдың өтуге рұқсат етілмеген бөлігіне жаяу жүргінші жүгіріп шығыпты. Салдарынан көлік жүргізуші әрекет етіп үлгермей, ер адамды қағып кеткен.
Жаяу жүргінші соққының салдарынан жолдың қарсы бетіне ұшып түскен. Ол алған жарақатының салдарынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Оны жедел жәрдем дәрігерлері растады. Ал полицейлер жол-көлік оқиғасы орнын қоршауға алыпты.
Осы кезде Байсерке аулынан ГРЭС жаққа бағыт алған Mercedes көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасы орнын айналып өтпек болады. Алайда полиция қызметкерлеріне назары ауды ма, әйтеуір, жолда жатқан мәйітті байқамай, оны мыжып өткен.
Нәтижесінде полицейлер екі жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хаттама толтырды.
Комментарий