Құқық | Право

СІМ: Бельгияда “Әблязовтың оң қолы” Бота Жәрдемәлінің үйіне тінту жүргізілді

Қашқындағы банкир Мұхтар Әблязовтың сыбайласы атанған Бота Жәрдемәлінің Брюсселдегі үйіне тінту жүргізілді. Шетелдік БАҚ-та осындай ақпарат пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eutoday басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, 1 қазанда полиция Қазақстанның екі өкілінің қатысуымен Жәрдемәлінің үйіне тінту жүргізген. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Le Soir басылымында Белгияның Қазақстанның сот органдарының Бота Жәрдемәлінің ісі бойынша серіктестік туралы сауалын қабылдағаны мәлімденді.

БАҚ-та Бота Жәрдемәлі «Әблязовтың оң қолы» ретінде көрсетілген.
Жәрдемәлі «БТА Банкінде» 2005 жылдан бастап жұмыс істеп, ұзақ уақыт басшылық қызметтерде болған. Оның ағасы Ескендір Ерімбетов Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеуде.

Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Әблязовке Қазақстанда ҚДТ мен митингілер туралы идеяларды насихаттауға шетелде жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Жәрдемәлі және басқа да тұлғалардың белсенді түрде көмектескені туралы мәлімдеген еді.

Комментарий