Талқыдағы тақырып

Айнұр Сембаева”… істеріңіз берекелі болсын, халыққа жақын әкімдер!”

Жолан Омаровтың іскер екеніне, халықшыл әкім екеніне бүгін тағы көз жеткіздік.

…бірер сағат бұрын әріптесім Шолпан Рахымқызының балалар қауіпсіздігін ойлап шырылдап жазған жазбасын көзім шалған. Мектеп алдындағы кәріз қақпақтарының ашық қалуы, әрине, қатер. Артынша бір көмек болса осы кісінің қолынан келер деп Талғар ауданының әкімін белгілей қойған едік. Араға бір сағат салып жымдай етіп жабылып, беті тегістелген қақпақтың суреті келіп тұр! Мұндай жеделдікті, мұндай жауаптылықты бұрын-соңды көрмеген соң таңдай қағып қалғанымды несіне жасырайын!
…болсашы әкімдердің бәрі осындай! – дедік риза боп

Айтпақшы, халыққа жақын әкімді жұрт та бағалайды ғой. Өткенде Текелі қаласына бардым. Сол жердегі қариялар Бахтияр Әлтайұлының жолын тосып жүреді екен. Тіпті үйреншікті дағдыға айналдырған. “Ол кісі жаяу жүреді. Айтқанымызды мұқият тыңдайды. Ең бастысы, өтінішімізді мүлтіксіз орындайды. Сондықтан мектептің мұғалімдері, емхана дәрігерлері өз айтарларын біз арқылы жеткізетін болып жүр” дейді әкімнің жылы қабақ танытқанына риза болған қариялар. Былай қарасаң, жұртшылықтың разылығын алуға көп нәрсенің керегі де жоқ қой!

… істеріңіз берекелі болсын, халыққа жақын әкімдер!

Ал төменде суреттер сөйлейді!

 

Комментарий