Қоғам | Общество

Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

Сәбидің қыз не ұл екенін анықтау үшін анасына сотқа жүгінуге тура келіпті. Алматы тұрғыны баласының құжатын қыз деп өзгерткісі келеді.

Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатыпты. Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді. Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты. Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен.

Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты. Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған. Алайда сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби уақыт өте келе қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес.

Сонда да ата-анасы сырқат нәрестесін ең болмаса құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді.   “Қыз тапқаныма сенімдімін. Дауысы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жедел жәрдем шақыртсақ, «куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда?» деп сұрайды. Осы түсінбеушілік кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз”, – дейді баланың анасы Кристина Бобенко.

ktk.kz

Комментарий