Аймақ | Регион

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы асулы күйінде табылған

27 қазан күні Ақтөбе облысында 6 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.

Қайғылы оқиға Ембі қаласында болған. Бала оқыған мектепте бұл уақытта барлық оқушы демалыста болғанын хабарлады. Білім беру мекемесіндегілер оқушылардың барлығымен психолгтар жұмыс істейтінін айтты. Алайда жеткіншектің өлімінің алдында өзін қалай ұстағаны туралы айтқысы келмеген. Сонымен қатар аудандық білім бөліміндегілер де тіс жармады. Олар тек қазіргі уақытта баланың ата-анасымен мамандар жұмыс істеп жатқанын, ал полиция жеткіншекті суицидке не итермелегенін анықтау үстінде екенін жеткізді. Журналистер анықтағандай, оқушы отбасының тұңғышы болған. Оның төрт інісі мен қарындасы бар.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Комментарий