Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Елімізде авиабилеттер бағасы арзандауы мүмкін

Министрлік хабарлағандай, бірқатар қалалардың әуежайына енді шетелдік әуе тасымалдаушылары қонады.

Елімізде авиабилеттер арзандауы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бүгіннен бастап Қазақстанның 11 әуежайында «ашық аспан» режимін енгізді. Яғни қазақстандық әуе тасымалдаушылары қызмет көрсетпейтін бағыттарға шетелдік әуе компаниялары тартылмақ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Министрлік хабарлағандай, бірқатар қалалардың әуежайына енді шетелдік әуе тасымалдаушылары қонады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл және Семей. Оларға бесінші дәрежелі «әуе еркіндігі» берілмек. Мұндай жаңа режим өз кезегінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеруге, транзиттік жолаушыларды арттыруға, ұшақ билеттерінің арзандауына мүмкіндік береді дейді мамандар. «Ашық аспан» режимі үш жылға берілген. Кейін әуе компаниялары оның мерзімін создыра алады.

Салтанат Томпиева, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

– «Ашық аспан» режимінің берері көп. Шетелдік әуе компаниялары Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұша алады. Бүгінде бірнеше елмен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар Катар, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әуе компанияларымен және тағы да басқа елдердің авиация билігімен жаңа әуе қатынастары жөнінде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Комментарий