Экономика

Қазақстанның несие рейтингі расталды

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз несие рейтингін “ВВВ” деңгейінде “тұрақты” болжамымен растады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор – мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ, 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер. Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3 пайыз деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты. Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңтайландыру арқылы кірістерді молайтады. Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ, ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

Комментарий

Бөлісу | Поделится