Жамбыл облысында жоғалған оқушы қыз табылды, – деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“2 қарашда Жамбыл облыстық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалып кеткен 2002 жылғы Доқтырбай Асылжан Манатқызы табылды”, – делінген хабарламада.
Қыз бала 31 қазаннан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Мадимар ауылында болған. Қазіргі уақытта ол ата-анасына қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында 17 жастағы мектеп оқушысы Асылжан Доктырбайды іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Комментарий