“Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының қызметкерлері эвакуацияланды, полиция айналаны қоршады
Сенбі күні таңертең “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының жертөлесіндегі электр кабельдері өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.
“Хан Шатыр” СОО сауда үйінің астыңғы қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама “101 пультіне” сағат 09.42-де түсті.
Шақырылған жерге келген өрт сөндірушілер техникалық бөлмедегі электр кабельдерінің өртенгенін анықтады, ол сағат 10:36-да толығымен сөндірілді.
Сауда орталығының әкімшілігі өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастырды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкерлері ойын-сауық кешенінің аумағын қоршауға алды.
Комментарий