Қоғам | Общество

Бедеулікке орай басқосу өтті

2019 жылдың 1-2 қарашасында сағат 9.00-да Алматы қаласында RIXOS қонақүйінің мәжіліс залында Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының (ҚРМҚ) «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» XI Халықаралық Конгресі өтеді.
Конференция жұмысына еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Израиль, Испания, Италия, Үндістан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Тәжікстан, Түркіменстан, Чехия мен Жапонияның репродуктивті технология саласындағы жетекші мамандары – акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭКҰ орталықтарының өкілдері, андрологтар, эндокринологтар, бедеулікті емдейтін мамандар, эмбриологтар, генетиктер мен молекулярлық биологтар қатысады.


Конгресс спикерлері арасында төмендегілер бар:
Профессор Роберт Фишер – Германиядағы ҚРТ пионері (Hamburg,FCH), Репродуктивті медицина мамандарының пәнаралық қауымдастығының президенті, РҒА мүше-корреспонденті, профессор В.Е. Радзинский, Израиль адам репродукциясы қауымдастығының президенті, проф. Adrian Shulman, Украина репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті В.Д. Зукин, Ресей адам репродукциясы қауымдастығының вице-президенті А.А. Смирнова, профессор Жан-Люк Пули (Клермон-Ферран университеттік клиникалық орталық, Франция), алдыңғы қатарлы акушер-гинекологтар проф . Д. Фельдберг пен проф. А. Эленбоген (Израиль), Ресейдің танымал профессорлары, РҒА мүше-корреспонденті К.В. Краснопольская, А.А. Попов (Мәскеу), М.В. Киселева (Обнинск), С.В. Штыров (Мәскеу), Э.В. Вартанян (Мәскеу) және әлемдік репродуктологияның өзге де көптеген көшбасшылары, ЭКҰ клиникаларының жетекшілері мен алдыңғы қатарлы қазақстандық репродуктологтар, эмбриологтар, генетиктер, андрологтар мен ҚРМҚ президенті, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті проф. В.Н. Локшин, Репродуктивті медицина институтының директоры Т.М. Джусубалиева, «ЭКОМЕД» клиникасының ғылыми жетекшісі, ҚРМҚ вице-президенті, б.ғ.д. С.Б. Байқошқарова, КРМҚ вице-президенті, м.ғ.к. В.Е. Полумисков, ҚРМҚ вице-президенті, «Эколайф» клиникасының директоры А.А. Ахметова, «PERSONA» ХКРМО бас дәрігері, м.ғ.к. Р.К. Валиев, қазақстандық белгілі репродуктолог, м.ғ.д. Ш.К. Карибаева және басқа да денсаулық сақтау саласы ұйымдастырушылары бар.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов қатысады деп күтіліп отыр.

Комментарий