Құқық | Право

Қытайдағы қазақтар қысым көруде: «Атажұрт еріктілері» ұйымы жиын өткізді

Қытайдағы қандастар қысым көріп жатыр деп «Атажұрт еріктілері» ұйымы тағы жиын өткізді. Олар Шыңжаң өлкесіндегі бейімдеу лагерьлеріне шамамен 30 мың этникалық қазақты жапты деген дерек айтты. Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі ұйымдарға дейін шағымданған «Атажұрт еріктілері» ұйымы шеттен қысым көрген қандастарға бізден басқа көмектесетін ешкім жоқ екендігін жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Шамамен бір ай бұрын ғана мемлеткеттік тіркеуден өткен ұйым екіге бөлініп кеткен. Бірнеше ай үй қамақта болып, соттан босап шыққан Сердан Біләш тіркелген “Атажұрт еріктілерін” қолдамайды. Ал, жақында тіркелген ұйым басшысы Шыңжаңда қысым көргендердің туыстарынан арыз қабылдауды жалғастырып жатыр екен.  Айтуларынша, осы күнге дейін араша сұрап 3000-дай арыз түскен.

Ұйым мүшелері әлеуметтік желілерде түрлі парақшалар мен чаттар ашып белсенді жұмыс істеудеміз дейді.

«Өз тарапымыздан халықтан көмек жинап, материалдық қолдау көрсетіп тұрдық. Қазіргі таңда қысым көрген адамдарға ақпараттық көмек көрсетіліп жатыр» – деп хабарлады «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісі Ербол Дәулетбек.

Комментарий