Тағдыр | Судьба

“Көз жасымды көрсетпеуге тырысамын”: Семейде бір отбасының үш баласы мүгедектер арбасына таңылған

Семейде бір отбасының үш баласы мүгедек арбасына таңылған. Қазақстандық дәрігерлер оларға нақты диагноз қоя алмаған. Ендігі отбасы оларға Қытай, Германия елдерінен ем іздемекші. Алайда ол үшін қыруар ақша керек. Сондықтан ағайындылар көпшіліктен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

11 жастағы Нұрсезім мүгедек болып туылған. Ол өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оның әпкесі Жадыра мен інісі Санжар да мүгедектер арбасына таңылған. Алты балалы отбасының кенжесі – 4 жастағы Санжар қолына қасық та ұстай алмайды.

Алты ағайындының ата-анасы ажырасқан екен. Ал аналары осыдан 3 ай бұрын қайтыс болыпты. Ендігі бар ауыртпашылық  22 жастағы Құралайдың мойнына түскен. Көзіне жас алған Құралай халыққа алақан жайып, көмек сұраймыз деген ой үш ұйқытаса түсіне кірмегенін айтады.

«Үш баламен өте қиын. Жалпы қазақ халқынан сұрайтыным, бауырларым аяғынан тұрып кетсе… Менің де, олардың да арманы – жазылу. Көз жасымды көрсетпеуге тырысамын, сонда да қиын екен. Халықтан көмек сұраймыз деп өмірі ойламаппыз», – дейді Құралай Жантүсупова.

Дәрігерлердің үш балаға алдын ала қойған диагнозы – жұлындық және жүйкелік амиотрофия. Бұлшықет пен жүйке жүйесінің мұндай ауры тұқымқуалаушылықпен беріледі.

Десе де отбасы дәрігерлердің мүгедек балаларға нақты диагноз қоя алмай отырғанын айтады. Ал дәрігерлердің сөзінше, балалар толық тексерілген және аталған аурудың белгілері байқалыпты. Мұндай ауру елімізде тегін емделеді, дейді.

«Бұл дертті бізде емдеуге болады. Атап айтқанда, НұрСұлатан және Алматы қалаларында орналасқан екі ауруханада ем-дом жүргізіледі. Онда алынған қанның генетикалық құрамын толық тексеруге мүмкіндік бар. Ал бізде ондай үлкен орталық жоқ. Сондықтан диагозды анықтап, қолдан келген ем-домды жасадық», –  дейді қалалық балалар ауруханасының бас невролог дәрігері Роза Бақтыбаева.

Десе де дәрігерлер балаларға ем-дом жасалғанымен, олардың аяққа тұратынына кепіл жоқ екенін айтады. Сол себепті жарымжан балалар Қытай мен Германия медицинасына жүгініп көргісі келеді. Алайда қолдарында емге қажетті қыруар ақша болмағандықтан, халықтан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

Байланыс: +77478701501 – Жадыра

Комментарий