Құқық | Право

Заман сондай, система сондай – амалсыз пара береміз

Бермесең бергізеді. Алудың механизмын іске қосып, сізден алады.

“Пара берсең 15 жылға сотталасың”, деп қойыпты бір мемлекеттік мекемеде (аурухана), деп жазады желіде Мақсұт Таңжарықұлы.

Ал пара алсаң 1-2 жыл екенін, тіпті қамалмайтынын көріп жүрміз. Сонда берген мен алғанның арасы 10-шақты жыл “разница” бар. Бейшара беруші, оған алушыдан көптеу срок береді екен да.

Беруші параны мұқтаждықтан береді ал алушы “еңбегін” сатады. Адамдар бауыры баласы туысы үшін амал жоқ береді.

Бермесең бергізеді. Алудың механизмын іске қосып, сізден алады. Қорқытады, үркітеді, әйтеуір алады. Оған бола алды деп ренжімейтін болдық. Өйткені заман сондай, система сондай.

Кейінгі кезде пара алмайтын дәрігер полиция мемлекеттік мекеме мамандарын көріп қаламыз. Ұсынсаң – алмайтындар бар. Мыңнан біреу болса да оған да шүкір дейсің. Бірақ ол мыңнан біреу ғана. Өкінішке қарай.

 

 

Комментарий