Талқыдағы тақырып

Тек қазақ тойларында “обмен тряпки” ретінде қолданылады

Алда Наурыз мерекесі келе жатыр. Мерекеге дым қатысы болмаса да киіз үй құрып, “қытайский” шапан киіп, сол киіз үйдің 15-20 метр радиусында кешке дейін жүретін “дəстүріміз” бар. 
Дəстүрін, өткенін сыйлайтын азаматтарға айтқым келетіні, биылдан бастап “қазақ шапаны” деп аталып кеткен, қытайлық зауыттар тігетін мынадай ұсқынсыз дүниелерден бас тартайық. Бұл – шапан емес, шапанға түк қатысы жоқ жабу. Қазақ дəстүрінде ер адамның киімдеріне ою, зер салмайды. Мұндай шапандарды 1970 жылдарда қазақ музыка оркестрлері сахнаға алып шықты. Яғни, сахналық киім ретінде ғана қолданды. Міне, содан бері ұлттық шапанның берекесін кетіріп, текемет пен киіз төсеніштерге, ағаш бұйымдарға салатын оюларды жабуға жапсырып, бізге “қазақ шапаны” деп ұсынып жүр. Суретке дұрыстап қарасаңыз, мына шапандар не киіп жүруге келмейді, не дүние ретінде сақтап қоюға лайық емес (тек қазақ тойларында “обмен тряпки” ретінде қолданылады). Тоқсаныншы жылдары амалсыздан кидік. Себебі, басқа таңдау жоқ еді. Енді өз қолымыз өзімізге жеткенде мына шапандарды айналымнан алып тастайық. Шетелдіктерге де осы шапандарды кигізіп, өзімізді өзіміз сыйламай жүрміз.
Қазіргі уақытта шапандарды заман талабына лайықтап тігетін отандық фирмалар бар. Мүмкін болса этнограф, дəстүрден хабары кісілермен келісіп сол киімдерді пайдаланған жөн.

Нұрсерік Жолбарыс

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Комментарий

Бөлісу | Поделится