Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Президент тапсырмасы: Алматыда 400 «Сергек» орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғаларын азайту бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласы ПД әкімшілік полициясының мәліметінше, үстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жол – көлік оқиғалары мен жарақат алу фактілері азайған.

«Мегаполисте жол-көлік оқиғаларын алдын-алу және азайту мақсатында «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Сондай-ақ, 108 бекет жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 400 «Сергек» орнатылады. Осылайша, қаланың барлық қиылыстары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталатын болады, бұл жазатайым оқиғалардың санын 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Қалада 1 800 жол қиылысы бар», – деп хабарлады полициядан. Сонымен қатар, қаланың қауіпті учаскелерінде жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында полиция көліктері мен жолдан өтіп бара жатқан балалардың макеті қойылған.

Бұдан бөлек, қала әкімдігімен бірге қараңғы көшелер мен қиылыстарды жарықтандыру бойынша шаралар қабылданды. Еске салсақ, мегополистің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында жиі болатын жол-көлік оқиғаларына назар аударып, мас жүргізіушілерді қатаң жазалауды тапсырды.

Президент тапсырмасы: Алматыда 400 «Сергек» орнатылады

Комментарий