Шоу бизнес

«Артымда тіреп тұрған ешкім жоқ»: Серікбол Сайлаубек тегін концерттер жайлы ойын білдірді

Сонымен қатар тыңдармандардан намаз туралы келген сауалға ол жауап бермейтінін жеткізді.

Серікбол Сайлаубек осыған дейін ел аумағын аралап, ауыл-аудандарда 125 концерт бергенін айтады. Бірақ менің де бала-шағам өсіп келе жатыр, өмір бойы тегін ән айта бермейсің ғой дейді. Отандық әнші NS радиосындағы “Шулайық шоу” түнгі бағдарламасына берген сұхбатында осылай деді, деп жазады Alashainasy.kz.

“Ел-елді, ауылдарды аралап осыған дейін 125 концерт бердім, бірақ енді өмір бойы тегін айта бермейсің ғой. Менің де бала-шағам өсіп келе жатыр, асырау керек, аяққа тұрғызу керек. Артымда тіреп тұрған ешкім жоқ. Талай концерт бердім, халықтың, үлкендердің батасын алдық”, – дейді әнші.

Сонымен қатар тыңдармандардан намаз туралы келген сауалға ол жауап бермейтінін жеткізді.

“Намаз оқу деген ол менің жеке шаруам, Алла екеуміз арамыздағы нәрсе, сондықтан оны барша жұртқа жариялауды дұрыс деп есептемеймін”, – деді ол.

“Сатқындық көп болды ма?” деген сұраққа әнші “Өте көп болды, бәрін бірақ кешіремін, бәлкім сондықтан да болар, жолым ашық” деп жауап берді.

Комментарий