Мәдениет | Культура

“Сіз халқымызға керексіз”: Тоқаев жазушы Нұрпейісовке «Алтын жұлдыз» белгісін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда 95 жасқа келген жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады. Президент қаламгерге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісін табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып, қазақ әдебиетінің абызын 95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

«Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін», – деді президент.

Өз кезегінде Әбдіжәміл Нұрпейісов мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Комментарий