Құқық | Право

Бағдат Мәнізоров жұмысқа шықты

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров жұмысына қайтып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол жұмысына кірісіп, өз қызметінің аясында міндеттерін атқаруда», – дейді әкімдіктегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны расталды.

Артынша Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Комментарий