Құқық | Право

Президентке шағымданды: Жоғарғы сотқа кімнің көңілі толмай жүр?

ҚР-ның президентіне қарсы бірнеше адам сотқа арызданды. Бұлар соттың шешімімен келіспегендер екен, бұған дейін жоғарғы сот төрағасын орнынан алуды талап етіп, президент әкімшілігіне хат жолдаған. Бірақ олардың талабы орындалмапты. Айтуларынша, президентке жазған хаттарын жоғарғы сотқа және бас прокуратураға жолдап жібереді екен. Ал, ол жақтан келген жауаптар көңілдеріне қонбайтын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бірнеше адам Есіл аудандық сотына мемлекет президентіне қарсы шағымдануға келіпті. Әрбірінің сот ісіне қатысты мәселесі бар көрінеді. Көбі жоғарғы сотқа қарсы президенттің өзіне шағым айтқан. Алайда, одан кейін түкте өзгермепті.

Арызданушылардың бірі Санавар Закирова сот шешімімен тартып алынған өзінің автокөлігін қайтаруды сұрап келіпті. Айтуынша, оның жеңіл көлігімен есірткі тасымалданды деп танылған. Көлігі тартып алынған кезде, оның қолында мүліктің құжаттары қалып қойған. Сол себепті, ол көліктің заңды иесі менмін деп отыр.

«Біз шілде айында 70 адам болып, Асановты жоғарғы сот төрағасы қызметінен босатуды талап етіп, президент канцеляриясына арыз-хат жолдаған болатынбыз. Алайда, бірде-бір арыз президент канцеляриясында тіркелмепті. Егер қарапайым халық сеніп отырған президент канцеляриясында бұлай болып жатса, жоғарғы сот туралы не айтуға болады?» – дейді қоғам қайраткері Санавар Закирова.

Президент әкімшілігі Санавар Закирова бірнеше рет ҚР президентіне хат жолдағанын растап отыр. Алайда, оған жоғарғы сотқа шағымдану үшін заңгерлік көмек те ұсынылыпты. Бірақ, әйелдің өзі бас тартқан көрінеді. Оның айтуынша, бұл істі президенттің өзі қарауы керек екен.

«Жоғарғы сотқа қарсы мемлекеттік деңгейде резонанс тудырған мәселелерді ғана президент әкімшілігіне айтып шағымдануға болады. Бірақ, мәселе болып отырған әйелдің жеке көлігі. Жоғарғы сот биліктің бір бағыты, президент әкімшілігі жайдан-жай сотқа араласа алмайды», – деп сендірді ҚР-ның азаматтарының өтінішін қадағалау бөлімі басшысының орынбасары Данияр Қадыров.

Закированың автокөлігі қылмыстық істің нышаны ретінде тіркелген. Заң бойынша оны қайтарып алуға болмайды деп түсіндірді мемлекет басшысының әкімшілігі. Шағымданушылардың арызын үш күнде қарастырылады екен. Егер сот оны негізсіз деп таныса, ары қарай қаралмайды.

Комментарий