Қоғам | Общество

   Игі істер жалғасуда

Бас бостандығынан айрылғандардың жазасын өтеп, түзеу мекемелерінен бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірі де бірден жақсы жолға түсіп,бәрі де ойдағыдай қалыптаса қоймайтыны белгілі. Бұл тұрғыда еліміздегі пробациялық қызметтің атқарар ролінің өте зор екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Жазасын өтеп шыққан сотталушы еркіндікке шыққан соң қоғам өзгерістеріне бірден бойы үйреніп,өмір ағымына араласып кете барады деп айту әрине қиын. Соңғы жылдары осындай түйткілді проблемаларды оңды түрде шешуде пробациялық қызметтердің қаншалықты қажет екенін оның атқарған жұмыс тары дәлелдеп берді.

Басқалар тәрізді Алматы қаласы,Бостандық аудандық пробация бөлімінің қызметі де жоғарыда аталған мәселеде зор ілкімділік танытып келеді. ҚР «Пробация туралы» Заңында белгіленген талаптарды тікелей басшылыққа ала отырып,аудандық прокуратура және аудандық әкімшілік қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап,қала тұрғындарының игілігі жолында қыруар жұмыстар атқарып келеміз. «Жұмысы жоқтық ,тамағы тоқтық аздырар адам баласын»деп данышпан Абай атамыз айтқандай жұмыссыз жүрген қай адам болмасын азғындық жолға түсері хақ.Сондықтан да біздер аудандық әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе отырып,жазасын өтеп шығып,аудандық пробацияда есепте тұрғандарды еңбекпен қамтуды да басты назарда ұстап келеміз.

Мысалы жақында ғана яғни 2019 жылдың 11 қазаны күні Бостандық аудандық әкімшілігімен бірлесе отырып,қаладағы Дулати және Ғаламат көшелерінің бойын ретке келтіру жұмыстарын қолға алып,аудандық пробация бөлімінде  есепте тұрғандар ішінен 25 адамды еңбекке тартып, олар да қаламызды көріктендіре түсуге өз үлестерін қосты.Аталған көшелердегі арықтардың арналары мен жағажайдағы қоқыстар  тазартылып,басқа да адам қолын қажет ететін жұмыстар атқарылды.Алдағы уақытта да аудандық пробация тарапынан осындай игі істер атқарыла бермек.Өйткені біраз уақыт қоғамнан оқшауланып, еркіндіктегі өмірден қол үзіп қалған жандардың бостандыққа шыққан соң қоғам өміріне сол қоғамның толыққанды мүшесі ретінде емін-еркінараласып кетуіне осындай еңбекке тарту шараларының тигізер адаптациялық оң әсері мол болса керек.

Мұрат САРСЕМБАЕВ,

Алматы қаласы Бостандық аудандық

пробация бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты.   

Комментарий