Құқық | Право

Сот саласындағы мемлекеттік тіл мәселесі

Сот саласындағы мемлекеттік тіл мәселесі

 Мемлекеттік тіл жалпы мемлекеттің негізін құраушы және жердің бастапқы иесі болып табылатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңында бекітіліп көрсетілген. Қазақ тілінің тарихы әр түрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңдерінен қалыптаса бастаған. Қазақ тілі – атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған баға жетпесі мұра Қытай ойшылы Конфуций: « Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсінік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды » деген екен. Сондықтан тіл мәселесі мемлекет үшін аса маңызды болып саналады. Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің Отан алдындағы міндетті борышы деп санаймын. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде, немесе өзі білетін басқа тілде сотты жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасауға, түсініктер мен жауап берулер, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.Мемлекеттік тілдің мәртебесі арқылы халықтың сотқа деген сенімі артады. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сотта өткізілетін барлық іс- шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот қызметкерлері өздерінің білімдерін біліктіліктерін арттырып, жетілдіру үшін арнайы жыл сайын іс шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Қоғамның іргелі дамуымен қатар ана тілімізді сот саласында берік орнықтыру, оның беделін көтеру мақсатында жергілікті сот кеңселерінде жұмыс ауқымын кеңейту қажет. Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады.Тұңғыш Президентіміз Елбасы Жолдауында айтылғандай: « Қазақстандықтар өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып үйрене бастады ». Сонымен қатар, тіліміз жайлы Елбасымыз: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде » деп қысқа, әрі нақты бағасын беріп, тіл болашағын айқындап қойды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер қай салада болмасын өзінің тіліне құрметпен қарап, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізсе айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетініміз анық. Ана тіліміз әрбір ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры.

 

Қарағанды облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

жетекші маманы

Несіпбек Ақерке

Комментарий