Құқық | Право

ҚТЖ филиалының бастығы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ, Ұнтақбаев «Алтынкөл» стансасының жүк ауданының бастығы Т.П.Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ филиалы Алтынкөл стансасының бастығы Ж.Т.Ұнтақбаевқа қатысты сот ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Е.М.Төлеевпен және тауар кассасының бастығы А.М.Стамқұловамен алдын ала сөз байласып, радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін 4 млн 324 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, Ұнтақбаев «Алтынкөл» стансасының жүк ауданының бастығы Т.П.Қалдыбаевтың көмек көрсетуімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін 1 млн теңгеден астам сома және жұмысқа орналастырғаны үшін азаматтан 100 мың теңге көлемінде пара алған», – деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен бірнеше рет пара алған Ұнтақбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы үкіммен Төлеев пен Стамқұлова 7 жылға, ал Қалдыбаев 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталғандар сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Комментарий