Аймақ | РегионҚоғам | Общество

«Соғысқа дайындалған ба?»: маңғыстаулық азаматтың үйінен көптеген қару-жарақ тәркіленді

Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Таяуда қару-жарақ пен оқдәрілерді сату кезінде В. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары барысында, Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көптеген қарулар мен оқдәрілерді, сондай-ақ, көптеген қосалқы бөлшектерді тауып алып, тәркілеген.

Аталған факт Маңғыстау облысы Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Бұл туралы «Сақшы» газетінің редакторы Ескендір Тасболат facebook парақшасына жариялап еді, оған желі қолданушылар «Соғысқа дайындалған ба?», «Арсенал. ИГИШ емес пе, мынау?!» дегендей түрлі пікірлер жазуда. Алайда, оның осынша қару-жарақты тек сатумен айналысқаны анықталып отыр.

Комментарий