Құқық | Право

300 мың теңге қарызын қайтармас үшін адам өлтірген қылмыскер мәйітті қайда көмгенін көрсетті (BИДЕО)

47 жастағы ер адам Алматы — Өскемен тасжолында Айнұр Қасымованы тонап, өлтіріп кеткен.

Алматы облысында танысын өлтірген такси жүргізушісіне сот үкімі шықты.

Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралған. Анықталғандай, 2019 жылы 14 маусымда 47 жастағы ер адам Алматы — Өскемен тасжолында Айнұр Қасымованы тонап, өлтіріп кеткен.

Сот сотталушының Қасымовадан қарыз алып, қайтармағанын анықтаған. Оның Ақсу ауданындағы ауылға бара жатқанын естіген сотталушы әйелде қомақты қаржы барын білген. Жол ортада өлтіріп, заттарын иемденген. Сотталушы өзіне күдік келмеу үшін әйелдің туыстарына хабарласып, оның басқа көлікпен кеткенін айтқан. Полицейлер анықтаған соң, сотталушы адам өлтіргенін айтып, сүйегін қайда көміп тастағанын көрсеткен.

 

Дереккөз: aikyn.kz

Комментарий