Әлемде | В мире

«Балалы болғаны үшін ақша төлеудің мәні бар ма?» – ВВС

Финляндияның Лестиярви ауылында туған әр балаға 10 000 еуро төленіп келеді.

Бүкіл Еуропа бойынша туу көрсеткіші кеміп жатыр. Ал кейбір мемлекеттер бұл құбылыспен күресу үшін қаржылық шараларды қолға алған. Дегенмен, балалы болғандарға ақша төлеудің мәні бар ма? деп жазады ВВС.

«2013 жылдан бастап Финляндияның Лестиярви ауылында туған әр балаға 10 000 еуро төленіп келеді. Дегенмен, соған қарамастан Финляндияда туу көрсеткіші артқан жоқ. Соңғы онжылдықта басқа да Еуропа елдеріндегідей, Финляндияда бала туу көрсеткіші азайған» дей келе, автор Финляндияда отбасылық бағдарламалардың көп екенін айтады. Оның жазуынша, мұнда жас отбасыға бастапқы капитал беріледі, әр балаға 100 евро жәрдемақы төленеді және бала тоғызға толғанша әйел жалақысының 70%-ына тең жәрдемақы алады.

«Финляндия Еуроодақ бойынша басқа мемлекеттерге қарағанда отбасылық жәрдемақыларға мемлекеттің көп қаржысын жұмсағанымен, отбасылық саясат әлі де артта келеді. Отбасыларға қаржылық қолдау көрсету маңызды болғанымен, мамандар туу көрсеткішінің артуына әйелдердің еңбек нарығына араласуы әсер етеді деп ойлайды. Сарапшылардың айтуынша, бала тууға итермелеу күрделі мәселе болғандықтан, оны тек қана ақшаның көмегімен шешу мүмкін емес» деп жазады басылым.

Дереккөз: inform.kz

Комментарий