Бас тақырып | Тема дняҚұқық | ПравоСаясат | Политика

Тоқаев көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президент Twitter желісінде жазды.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», – деп тапсырды Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда қаннан 0,5 промилле мөлшерінде алкогольді ішімдіктің табылуы жеңіл дәрежедегі мастық саналады.

Комментарий