Әлемде | В мире

“Анашым, кешір”: жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды

40-қа тарта адам мұздатқыш камерада қамалып отырған, оның ішіндегі ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен

 Ұлыбританияның Эссекс графтығында полиция жүк көлігінен табылған 39 адамдардың суретін жариялады.

Көлікте қаза болғандардың арасында Вьетнамның 26 жастағы тұрғыны Фам Тхи Тра Май да болуы мүмкін. Трагедия күні ол туыстарына жантүршігерлік хат жіберген, деп хабарлайды Daily Mail.

Фам Тхи Тра Май отправилась в Великобританию в поисках лучшей жизни
Вьетнамның 26 жастағы тұрғыны Фам Тхи Тра Май

“Анашым, кешір, менің шетелге сапарым сәтті болмады. Сені және әкемді қатты жақсы көремін. Мен өлейін деп жатырмын. Өйткені дем алу мүмкін емес “, – деп жазды бойжеткен ата-анасына.

Қыздың туыстарының айтуынша, Ұлыбританияға бару үшін ол 30 мың фунт стерлинг (15 миллион теңге) төлеген.

Алдын ала болжамға сәйкес, көлікте Вьетнамның тағы бір азаматы – 20 жастағы Нгуен Динь Луонг болған.

20-летний гражданин Вьетнама Нгуен Динь Луонг, погибший в грузовике
20 жастағы Нгуен Динь Луонг те жүк көлігінде болған

Жігіттің туыстары да одан жантүршігерлік хабарлама алған.

Еске сала кетсек, жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, 39 адам ауа температурасы минус 25 градусқа жеткен мұздатқыш камераға қамалып отырған, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала болған.

Басылым атап өткендей, контейнердегі адамдар айқайлап, көмек сұраған болуы мүмкін. Дегенмен тоңазытқыш қабырғаларының қалыңдығына байланысты олардың айқайы естілмеген болса керек.

25 жастағы фураның жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Полицияның мәліметінше, жігіт Солтүстік Ирландияның тумасы.

Комментарий