Мәдениет | Культура

Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды – видео

Әлеуметтік желі қолданушылары америкалық фанаттардың әншіні өте жақсы қарсы алғанын, тіпті Димаштың өзі де мұндайды күтпегенін жарыса жазып жатыр

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді. Әуежайдағы кездесу түсірілген видеолар әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Димаш Құдайбергенді әуежайдан америкалық фанаттары ыстық ықыласпен қарсы алды. Олар әншіні жан-жақтан қаумалап, суретке түсіп, қолтаңбасын алып, сыйлықтарын беріп жатты.

Әншінің өнеріне табынушылар оны көлікке дейін шығарып салды. Олар Димашқа алғыстарын жаудырып, мәре-сәре болып, көпке дейін тарқамады. Қарсы алғандардың ішінде қазақтың ұлттық киімін киген кішкентай қыз да болды.

“Америкаға ұшып келдік. Әуежайдан күтіп алған барлығыңызға алғыс айтамын. Сіздерді жақсы көремін”, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары америкалық фанаттардың әншіні өте жақсы қарсы алғанын, тіпті Димаштың өзі де мұндайды күтпегенін жарыса жазып жатыр. АҚШ-та әншінің өнерін бағалайтындар қатары көбейген.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген бүгін, 26 қазанда Нью-Йоркте ресейлік композитор Игорь Крутойдың концертінде ән айтады.

Ал Димаштың АҚШ-тағы жеке концерті 10 желтоқсанда Barclays Center өтеді. Концерт залына 19 мың адам сыяды.

Комментарий