Аймақ | РегионҚоғам | Общество

Ақтөбе облысынан алтын адам табылды

Ақтөбе облысында зерттеушілер алтын бұйымдармен бірге жерленген мәйіт тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Темір ауданының Тасқопа ауылын зерттеуді облыс әкімі Оңдасын Оразалин қолдап, Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың басқаруымен екі ай бойы қазба жұмыстары жүрді.

«Қазба жұмыстары тамыз айында басталды. Барлығы 15 қорған анықталып, биыл 4 қорған зерттеліп жатыр. Біреуінен «алтын адам» табылды. Нақты айтқанда белдігі, дулығасы, түрлі бұйым алтындатылған. Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Тариха сүйенсек, бұл жерде сарматтардың ескерткіші бар. Табылған қорым біздің заманымызға дейінгі V ғасырға жатады. Мұндай жерлеу тек тайпа көсеміне тән», – деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов. Табылған алтын бұйымдар Алматыға зерттеуге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Тасқопадағы қорым алдағы үш жылда зерттеледі. Негізі қорым бұрын тоналып кеткен. Бұл жолы алтын бұйымдармен жерленген адам 5 метр 70 см табылып тұр.

Комментарий