Қоғам | Общество

Мұрнына пластикалық операция жасатқан 13 жастағы қыз көзінен айрылды

Оның гиалурон қышқылының инъекциясының көмегімен мұрын пішінін түзетуге екі миллион донг ақшасы болмаған, алайда мекеменің иесі қаражатты бөліп төлеуге рұқсат беріпті.

Вьетнамда 13 жастағы қыз сәтсіз косметикалық процедурадан көзінен айырылды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қыз өзінің мұрынына көңілі толмай, пластикалық операцияны армандаған. 21 қазанда ол ата-анасының рұқсатынсыз косметикалық процедураларды жасайтын спа-салонда болды.

Оның гиалурон қышқылының инъекциясының көмегімен мұрын пішінін түзетуге екі миллион донг ақшасы болмаған, алайда мекеменің иесі қаражатты бөліп төлеуге рұқсат беріпті.

Инъекцияны салдырғаннан кейін жарты сағаттан кейін қыздың жүрегі айнып, басы айналып, оң көзі ауырады. Көздің көру қабілетінің нашарлағанын байқаған ол бірден ата-анасына телефон соқты. Олар қызды ауруханаға жеткізілді. Гиалурон қышқылы оң көздің торын оттегімен қамтамасыз ететін қан тамырларын жауып тастаған екен.

Дәрігерлердің пікірінше, зақымданған көзді қалпына келтіру мүмкін емес.

Комментарий