Судья мінбері | Судебная система

Ашықтық пен қолжетімділік – сот жүйесінің басты мақсаты!

Соңғы жылдары сот саласын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Сот жүйесін жетілдіру бойынша реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмыс сапасы уақыт өткен сайын артып келеді. Сот процедураларының ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, бұқара халықтың сотқа қолжетімділігі алдағы уақытта да басты назарда болмақ. Өйткені оларды сот қызметінің жұмыс сапасына әсер ететін басты факторлар ретінде атауға болады.

Жалпы еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығына ықпал етіп, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдеуде. Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, сондай-ақ қағазбастылықтан арылып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Сондай-ақ озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот отырысы хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігін арттыруда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдан бастап заманауи технологияларды  сәтті енгізіп, жүзеге асыруда. Заманауи ақпараттық технологиялардың да сот қызметінің сапасын арттыруға өз септігі тигенін айта кету керек. 

Жалпы еліміз егеменді ел атанып, тәуелсіздігімізді баянды еткен ширек ғасырға жуық уақыттан бері өзінің құқықтық жүйесі, соның ішінде ең өзектісі – сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Еліміздегі сот әділдігін іске асыруда оның халыққа ашық және қолжетімді болуы – мемлекет басшысының алға қойған ең жауапты міндеті. 

Қасенова Эльмира Алмазовна, Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандык соты кеңсесінің бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы

Комментарий