Қоғам | Общество

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы ақшасы қалай салынғанын айтып берді

Қазақстанның Ұлттық банкі 2019 жылғы қыркүйек айының БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі .

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелі 10 426,3 млрд. теңгені құрады. Теңгеде көрсетілген қолма-қол ақша мен қаржы құралдары 6 850,6 млрд. теңгені немесе 65,7%, шетел валютасымен көрсетілген – 3575,7 млрд. теңгені немесе 34,3% құрады.

2019 жылғы қыркүйекте теңгемен көрсетілген зейнетақы активтеріне инвестициялар көлемі 55,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: орташа кірістілігі жылдық 8,9% болатын 20,3 млрд. теңгеге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынған; «ҚТЖ» ҰК АҚ облигациялары жылдық 11,5% кірістілікпен 20 млрд. теңгеге сатып алынды; «Bank RBK Bank» АҚ облигациялары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арқылы 600 млрд. теңге сомасына басым жобаларды несиелеу тетігі аясында жылдық 10,95% кірістілікпен 15 млрд. теңгеге сатып алынды.

Шетел валютасымен көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 211,4 млрд. теңгені құрады. Аталған көлем үшін АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары орташа алынған кірістілігі жылына 1,9% құрайтын сатып алынды.

Есепті кезеңде 6 айдан 9 айға дейін USD / EUR валюталық своп операциялары 440 млн. АҚШ доллары сомасына жасалды. Осы транзакциялар аясында БЖЗҚ зейнетақы активтері портфеліне 398,2 млн. еуро түсті.

2019 жылдың басынан есептелген инвестициялық кірістің сомасы 525,2 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтері бойынша кірістілік 4,98% құрады. Сонымен бірге, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) соңғы 12 айдағы (2018 жылғы қазаннан 2019 жылғы қыркүйекке дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі 8,3% құрады, инфляция 5,3% деңгейінде. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 3,1% құрады.

Комментарий