Судья мінбері | Судебная система

Дамыған елде қауіпсіздік жоғары

Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік индексі әлемдегі халықаралық беделді рейтинг болып табылады. Бұл додаға қатысқан ел заңының пәрменді, қауіпсіздігінің жоғары, дамуға қабілетті екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуге міндетті. Осы рейтингте даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі бәсекеге қабілеттілікті айқандаудағы индикатордың бірі ретінде белгіленген. Еліміз мұндағы талаптарды мінсіз орындап, өзінің өркениетті елдер көшіне ілесе алатынын көрсетіп отыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі 119 көрсеткіштен тұрады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша әзірленсе, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалнама жүргізу нәтиежесі бойынша есептеледі. Атап айтсақ, 119 көрсеткіштің 4 индикаторы – «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі», «Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары бойынша Әділет министрлігі жауапты орындаушы болып табылады. Осылардың ішінде дауларды шешудегі заңнаманың тиімділігіне келсек, мұнда ел халқының құқықтарын соттан тыс және сотқа дейін қорғау тәсілдері енгізілген.

Біздің мақсатымыз құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың тиісті құқық қорғауын қамтамасыз ету. Сапалы заңның қашан да экономикалық өсуге, кәсіпкерлікті дамытуға негіз болары анық.

«Заңы мықты мемлекеттің – болашағы мықты» демекші, заңға бағынған ел болашағы жарқын. Қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіріп, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей қорғай білу еліміздің Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, жоғарғы деңгейде дамыған құқықтық мемлекеттердің қатарына кірудің бірден бір жолы.

Абзал Әділов,

Алматы қаласы Бостандық ауданы аумақтық бөлімінің басшысы

Комментарий