Қоғам | ОбществоШоу бизнес

“Сізге еш өкпем жоқ”: Ринат Зайытов пен Жүрсін Ерман камера алдында телефонмен тілдесті

Жүрсін Ерман сұхбат барысында Ринат Зайытовты таба алмай қалғанын айтты. Артынша журналистің көзінше камера алдында хабарласып, айтыскер ақынмен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ryxy сайтына сілтеме жасап.

Айтыстың атасы Ринаттың талантты ақын екенін мойындайтынын жасырмады. Тіпті, ондай ақындардың өте сирек туатынына да тоқталды.

«Ол халыққа танымал болды. Оның фанаттары да көп. Бірақ сахна менен шын өмірдің ептеп орнын алмастырып алған сияқты. Одан кейін қайда жүр? Партия құрса қайда жүр? «Бүкіл заңды оқимын, дайындаламын. Сосын партия құрамын» деді. Кейін мұнысы болмай қалды. Қазір Ринаттың қайда жүргенін таба алмай қалдық. Жаңа көзіңше қоңырау соғып көрдім», – дейді ол.

Алайда екінші нөміріне хабарласқанда, Ринат Зайытов тұтқаны алды.
Бұның бәленбай нөмірі бар. Қазір бәріне звондап берейін. Ринат амансың ба?

— Шүкір, жақсы. Өздеріңіз қалай?

— Келесің бе айтысқа?

— Қай айтысқа?

— Қайсысы болса да.

— Келемін.

— Сен алдында келмей қойдың. Саған бөгет болып жатқан жоқпын ғой. Сені шақырып жатырмын ғой.

— Сенің маған деген өкпең жоқ қой?

— Сізге деген ешқандай өкпем жоқ.

— Айтыстың ортасында ойнақтап жүруің керек. Қазақтың талантты баласысың.

— Иә, мен де солай ойлаймын, деп аяқтады сөзін Ринат Зайытов.

Естеріңізге сала кетсек, Жүрсін Ерман айтыскерлерді шара алдында жинап алып, «билікті сынамаңдар» деп талап қоятынын айтқан-ды.

Комментарий