Әлемде | В мире

Су тасқыны кезінде жоғалған 3 адам әлі табылмады

Табиғи апатқа толассыз жауған жаңбыр себеп болып тұр.

Италияда су тасқыны құрбандарының саны артып, 2 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 тұрғын әлі табылған жоқ. Табиғи апатқа толассыз жауған нөсер себеп болып тұр. Қауіпсіздік шарасы ретінде мектептер жабылған. Елдің солтүстігіндегі кейбір өңірде қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Тасқын салдарынан көлік қозғалысы шектелген. Сондай-ақ теміржол қатынасы да кідіріспен жұмыс істеп тұр.

Комментарий