Саясат | Политика

Асқар Мамин “Самұрық-Қазына” директорлар кеңесін басқарды

Асқар Мамин “Самұрық-Қазына” директорлар кеңесін басқарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің Қаулысымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. “Самұрық-Қазына” АҚ Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді. Директорлар кеңесінің құрамынан Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов шығарылды”, – делінген үкіметтің сайтында.

Комментарий