Әлемде | В мире

Әскери ер адамдарға жалған кірпік жалғап, тырнағын бояуға рұқсат беріледі

Дегенмен, құлаққа сырға тағып, денені тесуге, сондай-ақ, ерекше шаш үлгілеріне тыйым салынады.

Жаңа Зеландия қорғаныс күштері тәртіптік ережеге әскерилердің, оның ішінде ер адамдардың өзіне күтім жасауын міндеттейтін өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz. 

Daily Mail хабарлағандай, бұл жаңа ереже 1 қарашадан бастап өз күшіне енеді. Осы күннен бастап әскерилер бетіне жеңіл-желпі макияж жасап, тырнақтарын білінбейтін ашық бояумен бояп, жалған кірпік таға алады. Сонымен қатар, оларға иіссу қолдануға рұқсат беріледі. Дегенмен, құлаққа сырға тағып, денені тесуге, сондай-ақ, ерекше шаш үлгілеріне тыйым салынады.

Әскери теңіз күшінің адмиралы Дэвид Проктор мұндай өзгерісті енгізу арқылы әскери басшылық ерлер мен әйелдердің жеке бас гигиенасына келгенде, ешқандай айырмашылық жоқ екенін көрсеткісі келетінін атап өткен.

Комментарий