Тағдыр | Судьба

“Тимати де ұлды болды”: Күйеуі әйелінің құрсағындағы сәбидің қыз екенін біліп, аборт жасауға мәжбүрлеген

Дағыстан тұрғыны 19 жастағы жұбайының құрсағындағы сәбидің қыз екенін біліп, аборт жасатуға мәжбүрлеген. Ер адам әйелін «толық дамымаған» деп атап, тіпті, Тиматидің де ұлды болғанын айтыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 360tv.ru арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сенбі күні бізге бір келіншек проблемасымен келді. Ол аборт жасатқан бойда күйеуінен қашып, одан жасырынбақ болды. Күйеуі аборттың алдында оны ұрып-соғып, сес көрсетіп, аборт жасату үшін клиникаға алып келген. Осылайша, ол әйелін аборт жасатуға мәжбүрлепті. Келіншек психологиялық зақым алған. Ол аборт жасатып, сол үшін қатты өкінді. Мұнан кейін ол біздің орталық туралы біліп, осында келді. Біз оны уақытша баспанаға жібердік», – дейді Дағыстандағы Аналар мен балаларды қорғау орталығының директоры Евгения Величкина.

Оның сөзінше, артынша келіншекті қауіпсіз жерге орналастырған. Күйеуі оны табуға тырысқанымен, нәтижесіз болыпты.

«Ол күйеуінен қорқады. Қазір тығылып отыр. Егер бәрі тынышталып, ол қорқытуын қойса, келіншекті қайтадан орталыққа алып келіп, сауықтырамыз», – дейді Величкина.

Мұнан кейін аборт жасатқан келіншекпен психолог сөйлесіпті. Айтуынша, Әмина (есімі өзгертілген – ред.) сәбилі болғысы келген. Ол құрсағындағы қызының дүниеге келуін асыға күтіпті. Алайда күйеуі болашақ қызынан құтылғысы келген. Ол жекеменшік клиниканың дәрігеріне ақша төлеп, әйеліне аборт жасауын сұрайды. Артынша өз шаруаларымен кеткенде, келіншегі құжаттарын алып, Аналар мен балаларды қорғау орталығына тайып тұрған.

«Дағыстанда еркектер баласының ұл болғанын қалайды. Кейде әйелі қыз баланы босанса, оны перзентханаға іздеп келмейді де. Ал мына ер адам «Тиматидің де ұлды болғанын айтып», әйеліне қысым көрсетіп, аборт жасатуын талап еткен», – дейді Величкина.

Комментарий