Саясат | Политика

Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына тапсырма берді. Президент мемлекеттегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік кеңесі хатшысы, бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті.

Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды.

Комментарий