Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Жақып Асанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы:”Лайықты құрмет көрсету – елдігіміздің белгісі”

Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.

Мемлекет басшысы ханымдармен тұрақты түрде кездесіп, олардың ел дамуына қосып жүрген зор үлесіне ерекше мән беріп келеді. «Нұр Отан» партиясының жақында өткен сессиясында Елбасы Үкімет пен әкімдерге көп балалы, жалғызбасты аналар мен табысы төмен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды.

Республикамыздың сот жүйесінде де әйелдер айрықша орынға ие. Олар сот органдарында қызмет атқаратын барлық қызметкерлердің жартысынан астамын құрайды. Бұл, көбінесе, әйелдер табиғатының шиеленістерді шешуге бейімділігімен, айрықша шыдамдылығымен, аса байыпты шешім қабылдауымен байланысты болса керек.

Құрметті ханымдар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт және еңбекте табыс тілеймін! Әрдайым жандарыңыздан сіздерге жақын адамдар табылып, мерекелік көңіл-күйге бөлене беріңіздер!

 

 

 

Комментарий