Шулы іс | Громкое дело

“Менің жандүнием еркек”: Боянып, тырнақ жалғатқан қазақ жігітін студия көрермені ұрып тастады

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды.

Әділ Хэйнс 4-сыныптан бастап алғаш боянып көргенін айтады. Ал, 11-сыныпты өзін бояусыз елестете алмаған екен. Бүгінде толықтай макияжбен жүреді. Тырнағының өзіне 5 сағат уақытын жұмсайды.

“Ата-анам бастапқыда мені түсіне алмады. Қазір бәрі жақсы. Мені осылай қабылдады. Менің жандүнием еркек. Мен тек сырт келбетімнің әдемі болғанын қалаймын. Сондықтан боянып жүрем. Өзім мұсылманмын.Құранды оқығанмын. Крест белгісін тек сәндікке тағамын”, – дейді ол.

Әділ басына не себепті қазақтың тақиясын киіп шыққанын да түсіндіре өтті.

“Бұл атамның тақиясы. Қазір өмірде жоқ. Алайда әруағы қолдап жүрсін деп кидім”, – дейді Әділ.

Бағдарлама қонақтары Әділдің сырт келбетін әйелге ұқсатты. Қазақтың жігітіне тән қасиет емес деп бағалады. Тіпті, көрерменнің бірі студяға шығып боянған жігітті ұрып жіберді. Қауіпсіздік қызметі араша түсіп, тоқтау салды.

Комментарий