Ақмола облысында көшеде екі адамның мәйіті табылды. Щучинск қаласында аялдаманың артында 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Полицияның мәліметінше, қала тұрғынының денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Өлімнің алдын-ала себебі – ағзаның жалпы гипотермиясы.
Сол түні Степногорск қаласында тағы бір ер адам табылды, бірақ оның тұрғылықты жері жоқ. Денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.
Алдын ала себеп бірдей – гипотермия.
Айта кетейік, соңғы күндері Ақмола облысында ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді.
Комментарий