Аймақ | РегионҚоғам | Общество

6 адам жараланды: СҚО-да 9 жасар қыз бен әйел жол апатынан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында «Газель» мен жеңіл көлік соқтығысы салдарынан алты адам жараланып, оның екеуі ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол көлік оқиғасы жексенбі күні Саумалкөл ауылының маңында, Көкшетау-Рузаевка көлік жолында болды.

Оқиға болған жерден түсірілген видеода жолдың үстіндегі көктайғақ пен қар үйінділері айқын көрінеді.

«Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны Mercedes-Benz көлігіннің тізгініне ие бола алмай, қарсы жолмен келе жатқан «ГАЗельге» барып соғылған. Соқтығыс салдарынан 6 адам жараланған», — деп мәлімдейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментігі.

Қайтыс болған адамның екеуі де Mercedes-Benz көлігінің жолаушылары екен, ауыр соққыдан ес жиып үлгермеген 1980 жылғы келіншек пен 2010 жылғы қыз ауруханада көз жұмды. Бұлардан бөлек, жеңіл көлік пен «ГАЗель» жүргізушілері де ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде, оқиға бойынша қылмыстық іс ашылып, тексеру жүргізілуде.

Комментарий