Шоу бизнес

Актриса Анджелина Джоли қазақ қызының дауысын ұнатып қалды

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қазақ тіліне дубляждалған «Малефисента: Түнек Әміршісі” фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шыққан 32-ші фильм. Әлемге әйгілі актриса Анджелина Джоли сомдаған кейіпкерін дыбыстайтын қазақ қызын өзі таңдады.

Фильм “Болашақ” корпоративтік қоры мен “Меломан” компаниясының бастамасымен “Өзіңнен баста” жобасы аясында дубляждалды. Фильмнің алдын ала көрсетілімі Нур-Сұлтан қаласында “Nur Otan” партиясының қолдауымен, ал Алматы қаласында қала әкімшілігінің қолдауымен өтті. Фильм дубляжының демеушісі: Еуразиялық Топ (ERG).

«1993 жылдан бастап Елбасының Жарлығымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Бағдарламаның арқасында қарапайым отбасынан шыққан көптеген жасқа шет елдердегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалды.

Осындай ағылшын, неміс, француз және тағы да басқа тілдерді меңгерген жастар халқыңа қызмет етемін десең алдымен өз ана тіліңді біліп, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті бойға сіңіру керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан да «Болашақ»-пен оқыған бір топ жастың басты мақсаты елге оралған соң әртүрлі салада қолымыздан келгенше елге қызмет ету болды. Бұл жоба осындай игі ойдан туды», – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляждау – бұл бірінші кезекте, әрбір қазақстандықтың қазақ тіліндегі сапалы контентке қол жеткізу құқығы. Ал Голливудтың танымал кино туындылары елімізде 2011 жылдан бастап қазақша сөйлетіп келе жатқан «Өзіңнен баста» жобасы коммерциялық мақсаттарды көздемейді.

балалар

«Фильмді дубляждау жобасына Eurasian Resources Group қызметкерлері де қатысқаны қуантады: біздің үш әріптесіміз кастингтен өтіп, олардың дауыстарын фильмде тыңдай аламыз», – деп қосты “ERG Көмек” корпоративтік қорының атқарушы директоры Болат Оразов.

Компания фильмнің дубляжын қаржыландырумен қатар, Қазақстанның бес қаласында қайырымдылық көрсетілімдер өткізді, бұл көрсетілімдерге 500 -ден астам адам-балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, көп балалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балақайлар да қатысты. ERG үшін бұл мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға қосқан тағы бір үлес болады.
Іс-шараға өнер саласындағы зиялылар, блогерлер, медиа-тұлғалар, “Болашақ” қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысты.

Алдын ала көрсетілімнің қонақтары “Өзіңнен баста” жобасының онлайн-серіктесі болып табылатын, ivi онлайн-кинотеатрынан бір айға жазылу сертификатына ие болды. Картинаның әрекеті Малефисента Аврора ханшайымына ашулы дуа салған соң бірнеше жылдан кейін орын алады.  Фильм Түнек перизаты мен болашақ патшайымның арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас туралы, сиқырлы орманды қорғау ісіндегі жаңа одақтастар мен қарсыластар және онда өмір сүретін сиқырлы тіршілік иелері туралы әңгімелейді.

Анджелина Джоли

Көрермендер түнек перизатын жаңа туған ханшайымды мәңгілік ұйқымен қарғауға итерген себептерін ашқан, 2014 жылғы “Малефисента” картинасын көріп, Disney-дің ең зұлым сиқыршысының жүрегін қатайтқан оқиғалар туралы алғаш рет біледі. Бұл фильм дәстүрлі ертегіге жаңа көзқарасты ұсынды, басты кейіпкерді зұлым сиқыршы етіп, әлемдік прокатта 750 миллион АҚШ долларын жинады. Фильмдегі басты рөлді “Оскар” сыйлығының және “Алтын Глобус” сыйлығының иегері Анджелина Джоли сомдады.

Сондай-ақ, “Малефисента” мистикалық блокбастерінде (2014 ж.) жоба аясында Малефисентаның рөлін дыбыстауға айрықша құқықтар алынды-Джоли қазақстандық театр және кино актрисасы Гүлназ Әуесбайды өзінің кейіпкерін дыбыстауға жеке бекітті.

Фильм кастингіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 40-тан астам актерлер қатысты.  Шығуы «Ұйқыдағы ару» түпнұсқасының 60 жылдығына орайластырылған. Вивьен Джоли-Питт, ханшайым Аврораны бірінші бөлікте жас қыз түрінде бейнелейді, Анджелина Джоли мен Брэд Питттің қызы.

Комментарий