Тағдыр | Судьба

Телефон қоңырауына жауап бермеген кейуананың пәтерден мәйіті шықты

Егде тартқан әйел адам есік ашпай қойған.

78 жастағы зейнеткердің екі күн қатарынан телефон көтермегені туралы қызы алаңдаушылық білдіріп, қоңырау шалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сағат 19.42-де кезекшілік бөліміне әйел адамның есік ашпағаны туралы хабарлама түсті», – дейді департаментте. Жедел құтқару жасағынан дереу үш адам мен бір техника оқиға орнына жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құралмен есікті ашқан кезде пәтерде әйел адамның жансыз денесін анықтаған. Бұл оқиғаға қатысты шешім полиция басқармасына тапсырылды.

Осыған ұқсас жағдай сағат 13.17-де Королев көшесінде тіркелген. Егде тартқан әйел адам есік ашпай қойған. Жедел құтқару жасағының 4 қызметкері арнайы құралмен пәтердің есігін ашып,  78 жастағы зейнеткердің жағдайы жақсы екеніне көз жеткізген.

Сондай-ақ, сағат 14.28-де  Новоселов көшесінде үш бөлмелі пәтердің балконында толығымен пластик терезенің жақтаулары мен қонақ бөлмесінде 9 шаршы метр аумақта заттар мен терезе жанған. Тілсіз жау көршілес пәтердің балконында 2 шаршы метр ағаш жақтауларды шарпыған. Өрт сөндірушілер арнай қалпақтың көмегімен үш адамды құтқарып қалды. Екі адам сыртқа өздігінен шыққан. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында 10 адам мен үш техника жұмыс істеді.

Комментарий